11
апрель
2024
"Орыс тілі мен әдебиеті" ӘБ апталығы
№42 орта мектебінде 20 қараша "Орыс тілі мен әдебиеті" ӘБ апталығы басталды. Апталық жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сай 21 қараша күні 9"а" сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбусинова С.Ж. өткізді. Сабақ тақырыбы М.Әуезов "Путь Абая" Сабақ психологиялық ахуалды реттеуден басталып, топтық, жұптық жұмыс тапсырмалары арқылы жалғасын тапты. "Блум түймедағы" әдісі арқылы мұғалім жай сұрақтан күрделі сұрақтар қою арқылы өмірмен байланыстырды. Әр тапсырма тиімді әдіс -тәсілмен ұсынылды. Сабақтың ең ұтымды болғаны ата-анамен "Телекөпір" арқылы байланыста болуы, ата-аналардың сабаққа, оқушыларға, мұғалімге кері байланыс бергені. Сабақ барысында мұғалім әр тапсырма сайын кері байланыс алып, сабақ мақсатымен таныстырып, дескрипторды әр тапсырмаға құрып, оқушыға бағыт берді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар сабақ барысында үлкен белсенділік танытып, шығармашылық тапсырма ларды да орындай білді. Шеберлікпен өткізген ұстаз Байбусинова Сауле апайға творчествалық табыс тілейміз.
ДӘІЖО Сейсенбаева Нургуль.
ДӘІЖО Сейсенбаева Нургуль.
