облыстық Махамбет оқулары
13.11 күні облыс орталығы Қонаев қаласында облыстық Махамбет оқулары байқауы өтті. Талантты оқушылар тартысқа түскен сайыс 5 кезеңді қамтыды. #42 орта мектебінің оқушысы, аудандық Махамбет оқулары байқауының жеңімпазы Нұртай Нұртас аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде "Тартынбай сөйлер асылмын" бағыты бойынша бақ сынады. Мектебіміздің дарынды оқушысы ауданымыздың да намысын сәтті қорғап, жүлделі 2-орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Тусенов Қанағат.