16
февраль
2026
«Сумен қамтамасыз ету деңгейінің өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріне әсері»
«Сумен қамтамасыз ету деңгейінің өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріне әсері» тақырыбында ғылыми жоба жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысына 8–9 сынып оқушылары қатысты.
Зерттеу мақсаты – өсімдіктердің өсуі мен дамуына су мөлшерінің әсерін анықтау, су жетіспеушілігі мен артық ылғал жағдайында өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріндегі (хлорофилл мөлшері, ақуыз, қант құрамы, фермент белсенділігі) өзгерістерді талдау.
Зерттеу барысында тәжірибелік әдістер қолданылып, өсімдіктер әртүрлі су режимінде өсірілді. Нәтижесінде су деңгейінің өзгеруі өсімдіктердің физиологиялық және биохимиялық үдерістеріне тікелей әсер ететіні анықталды. Су жеткіліксіз болған жағдайда хлорофилл мөлшерінің азаюы, өсу қарқынының баяулауы байқалды, ал оңтайлы су мөлшерінде өсімдік көрсеткіштері жоғары болды.
Жоба оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.