АӘжәнеТД оқытушы-ұйымдастырушыларының «Оқыту тәжірибесінде тиімді әдістерді қолдану жолдары» атты семинар » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АӘжәнеТД оқытушы-ұйымдастырушыларының «Оқыту тәжірибесінде тиімді әдістерді қолдану жолдары» атты семинар
06
февраль
2023

АӘжәнеТД оқытушы-ұйымдастырушыларының «Оқыту тәжірибесінде тиімді әдістерді қолдану жолдары» атты семинар

2023 жылғы 25 қаңтарда Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы білім бөліміне қарасты «№42 орта мектебі» МКМ-де жоспарға сәйкес кезекті АӘжәнеТД оқытушы-ұйымдастырушыларының «Оқыту тәжірибесінде тиімді әдістерді қолдану жолдары» атты семинар өтті.
Семинар мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылармен бірлесе жұмыс жүргізу, АӘТД пәні оқытушылары арасында тәжірибе алмасу.. Аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Джантлеев Сейтжан Салимханұлы жеке құрамды жұмыс барысымен, бағдарламамен таныстырды.
Бағдарламамен танысқан соң, мектеп психологы Жақсыбаева Асия «Кемедегі Капитан» атты психологиялық тренинг өткізді.
Осы іс-шара барысында музыка пәнінің мұғалімі Дүйсебаева Қалимаш 7 «Ә» сыныбымен «Ұлы тұлғалардың өсиеті – өскелең ұрпаққа аманат» және биология пәнінің мұғалімі Туркистанова Құндыз 9 «Ә» сыныбымен «Өткеннің ізі – болашақтың көрінісі» атты тақырыптарында сынып сағаттарын өткізіп, білім алушылардың патриоттық сезімдерін оята білді.
Семинарға қатысушылар сынып сағаттарынан шығып, АӘжәнеТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы толыстағы лейтенант, Мырзахмет Нурболат Мухтарұлының 10 «Б» сыныбымен «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында өткізілген ашық сабаққа қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтіліп, жаңартылған бағдарлама бойынша әртүрлі әдістерді қолдана білді.
«Намысты елдің абыройы асқақ» тақырыбында әскери-патриоттық концертпен жалғасып, мектептің бүлдіршіндері ән айтып, би билеп қатысушылардың қошеметіне бөленді.
Семинардың соңында кері байланыс орнатылып, өтілген сабақтарды талқылады. АӘжәнеТД оқытушылары алғыстарын айтып, алған жаңашыл іс-тәжірибелері өскелең ұрпақты әскери- патриоттық бағытта тәрбиелеуде көп көмегі тиетініне сенім білдірді
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив