24
октябрь
2023
Спандияр Көбеевке 145 жыл толуына орай «Орындалған арман» атты іс-шара өтті.
№42 орта мектеп кітапханасында Спандияр Көбеевке 145 жыл толуына орай «Орындалған арман» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Спандияр Көбеев өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру. Ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.
Оқушылар жазушының «Балалар мен мұғалім», «Қайырымды бала», «Ит пен қайыршы», «Атасы мен немересі» әңгімелерін айтып, «Мектепке шақыру» өлеңін жатқа айтты.