03
февраль
2025
"Бар мейірім балаға" жобасы аясында жаңа жылдық іс-шара
"Бар мейірім балаға" жобасы аясында №42 орта мектепте балаларға жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізілді. Жаңа жылдық іс-шараға мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балалар мен ата-аналар қатысты. Мектебіміздің өнерлі оқушылары мерекелік қойылым қойып, балалардың көңілін көтерді. Ауыл әкімі Бауыржан Жұмабаев мерекелік іс-шараға қатысып балаларды жаңа жылдарымен құттықтады. Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары, арнайы педагог, психологтары тарапынан балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Бала адамзат ұрпағының жалғасы демекші, әр бүлдіршіндерімізді қуантқаннан артық қандай бақыт бар...
