08
апрель
2025
"Әжелер мектебі"
Алматы облысы, Іле ауданы А.Тоқпанов ауылы "№42 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінің "Салт-дәстүр рухани дамудың қайнар көзі" атты жобасы аясында 04.04.2025 күні "Әжелер мектебі" өтті. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, оқушыларымыздың бойына құндылықтар негізінде білім, білік дағдыларын қалыптастыру. "Әжелер мектебі" жобасы, "Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбиенің ұясы" атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 38 әжеміз немерелерімен бірге салт-дәстүрімізді көрсетіп, білгендерімен бөлісті. Ұршық иіру, жүн түту, ою оюды, оюдың шығу тарихына, атауына тоқталып, толық мәлімет беріп кетті. Текемет, сырмақ, ұлттық киім түрлерін айтып, көрсетіп өтті. Келесі әжелер тобы ұлттық тағамдарымыздың түрлерін, жасалу жолдарын, пайдасын айтты. Төртінші топтағы әжелеріміз бастауыш сынып бірлестігінің "Бастауыш ауылы" атты киіз үйіміздің ішінде бесікке салу дәстүрімізге толық тоқталып, баланы бесікке салу үрдісін көрсетті. Әнші қыздарымыз бен биші қыздарымыз өз өнерлерімен көрерменге керемет көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермен ретінде 67 әжелер, 50 оқушы, 36 мұғалім тамашалады. Іс-шара соңында қатысушы әжелерімізді, директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сейсенбаева Нургуль Наухановна мен Иноятова Турсынай Ауелхановна осы іс-шараны ұйымдастырып отырған 3-сынып жетекшілерінің дайындаған мақтау қағаздарымен марапаттады. Әжелеріміз өз ризашылықтарын білдіріп, бата берді. Осындай дана, тәрбиенің қайнар көзі болып жүрген әжелеріміз көп болсын! Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, болашақ ұрпаққа жеткізетін, мейірімділік пен төзімділікке, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа үйрететін әжелеріміз аман болсын!Жоба аясында ұтымды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, керемет өткізген 3-сынып ұстаздарына алғыс білдіреміз!https://youtu.be/8ms9_jTW0Dc?si=cmLEHP1YzWJ8gqzr