Іс-шаралар » Страница 2 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлдар жиналысы
21
ноябрь
2025
Ұлдар жиналысы
20.11.2025ж 42 орта мектебінде Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АПБ ЮПТ полиция капитаны Бейдинчанов Тахир Хусайинович 9, 10, 11 сынып білім алушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді.  Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, мектеп тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдағы тәртіп
Кітапхана
21
ноябрь
2025
Кітапхана
Кітапхананың жұмыс күнделігі толтырылды.Күнделікті оқырмандарды тіркеу журналына 29 оқырман тіркелді. 3 сынып-  5 білім алушы, 4 сынып-9 білім алушы, 8 сынып- 10 білім алушы және 5 мұғалім. Білім алушылар кітапханаға үлкен үзілісте келіп ертегі кітаптар оқыды.Оқулықтардың ұқыпты ұсталуы,оқулықтарға рейд жүргізілді 1-4 сыныптар арасында, оқулық кітабын қаптамаған, желіндемеген білім алушыларға ескерту айтылды. Кітапхана белсенді мүшелерімен отырысы болып, жұмыс жоспары құрылды  Кітапхана
“ Тіл достықтың- көпірі ”
21
ноябрь
2025
“ Тіл достықтың- көпірі ”
Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай 3-сыныптар арасында  “ Тіл достықтың- көпірі ” атты мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.Сайыс 3 кезең бойынша өтті. І-кезең «Жалғастыр», ІІ-кезең «Кім жылдам?», ІІІ- кезең «Суретпен сөйлет». 3 кезең бойынша ең 
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10
ноябрь
2025
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10.11 күні 9,10 сынып қыздарымен “Салауатты өмір салтын сақтау, вейп(электронды темекі)  зияны” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары және медбике қатысты
Жалпы жиналыс
10
ноябрь
2025
Жалпы жиналыс
Бүгін біздің мектепте өткен жалпы жиналыста мектеп президенті А.Асқар  және Бала өкілі Ш.Талғатқызы      “Бала үні”тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында оқушылардың пікірін тыңдау, ұсыныстарын қабылдау және мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп президенті және Бала өкілі оқушы үні – тек сөз емес, ол әрбір оқушының өз ойын ашық айтып, ортақ шешім қабылдауға үлес қосуы екенін айтты. Сонымен қатар, ол оқушыларды мектепті дамытуға бағытталған түрлі бастамалар мен
Қарттар күні
06
ноябрь
2025
Қарттар күні
Өзін өзі басқару ұйымымен қарттар күніне орай ауылымыздың тұрғыны әжемізді құттықтап қайттық.
«Мың бала»
12
февраль
2024
«Мың бала»
«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасы Оқу-ағарту  министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының  ауылдық мектептеріндегі талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту және қолдау үшін өткізіледі. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада бойынша тіркеу https://1000bala.elumiti.rz сайтында 10 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта жүргізіледі.
"Досболlaik: Достықтың қолын ұсын"
05
февраль
2024
"Досболlaik: Достықтың қолын ұсын"
31 қаңтар күні "Досболlaik: Достықтың қолын ұсын" науқанының жоспары негізінде бастауыш сыныптар апасында "Асық ату" ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау. #досболlike #нағыздосыңболғанынқаласаңдосбол