«Аттестациялау ережелері бойынша онлайн кеңес»
«Аттестациялау ережелері бойынша онлайн кеңес»
Аттестация бойынша Zoom платформасында онлайн жиналыс 08 қаңтар күні өтті. Жиналыс барысында педагогтердің аттестациядан өту тәртібі, негізгі талаптар, құжаттарды рәсімдеу жолдары және жиі кездесетін қателіктер жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс өткізушы аттестациядағы кемшіліктердің көпшілігі білімнің жоқтығынан емес, талаптарды толық түсінбеуден туындайтынын атап өтті. Сондықтан ең бастысы – қолданыстағы ережелерді нақты білу, жүйелі түрде дайындық жүргізу және әрбір ұсынылатын құжатқа дәлелді, нақты мәліметтерді дұрыс ұсыну қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар портфолио жинақтау, жетістіктерді рәсімдеу, дәлелдемелерді жүйелеу жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді. Қатысушыларға аттестация үдерісіне жауапкершілікпен қарап, өз кәсіби дамуын тұрақты түрде жетілдірудің маңызы түсіндірілді.