Біз туралы » Страница 2 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлдар жиналысы
21
ноябрь
2025
Ұлдар жиналысы
20.11.2025ж 42 орта мектебінде Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АПБ ЮПТ полиция капитаны Бейдинчанов Тахир Хусайинович 9, 10, 11 сынып білім алушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді.  Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, мектеп тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдағы тәртіп
"Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында  облыстық өнер байқауы
21
ноябрь
2025
"Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында облыстық өнер байқауы
Алматы облысының Мәдениет басқармасы мен Алматы облысының шығармашылық орталығы 14 қараша күні  Еңбекші қазақ ауданының Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде  "Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында  облыстық өнер байқауын өткізді.42 орта мектептен  вокал номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп облыс әкімінің  бас жүлдесі 100 000(жүз  мың теңге) сертификатты 8 "Ж" сынып оқушысы Қызайбай  Әбілмансұр иеленді. Жетекшісі Дуйсебаева Қалимаш Тұрсынқұлқызы
Дебат сайысы
21
ноябрь
2025
Дебат сайысы
14.11 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымы Дебат фракциясының ұйымдастыруыменен оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және шешендік қабілетін арттыру мақсатында дебат сайысы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғап, қарсы тараптың пікіріне логикалық дәлелдемелермен жауап берді. Дебат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетін, уәжді дәлелдерін, сұрақ
Дебат
21
ноябрь
2025
Дебат
14.11.2025 жылы халықаралық логопедттер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдаланудың зияны мен пайдасы» тақырыбында өткізілген дебат ойындарының аудандық кезеңіне қатысып № 42 мектеп логопеді Оңдасбаева Ұлмекен Ималатдинқызы lll-орынға иеленді
"Бақытты балалық шақ" өнер байқауы
21
ноябрь
2025
"Бақытты балалық шақ" өнер байқауы
Аудандық  1-4 сыныптар арасында өткізілген "Бақытты балалық шақ"өнер байқауында 2сынып оқушысы Айнабек Нұрлы жүлделі 3 орын иеленді  Жетекшісі Қалимаш Тұрсынқұлқызы
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10
ноябрь
2025
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10.11 күні 9,10 сынып қыздарымен “Салауатты өмір салтын сақтау, вейп(электронды темекі)  зияны” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары және медбике қатысты
Жалпы жиналыс
10
ноябрь
2025
Жалпы жиналыс
Бүгін біздің мектепте өткен жалпы жиналыста мектеп президенті А.Асқар  және Бала өкілі Ш.Талғатқызы      “Бала үні”тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында оқушылардың пікірін тыңдау, ұсыныстарын қабылдау және мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп президенті және Бала өкілі оқушы үні – тек сөз емес, ол әрбір оқушының өз ойын ашық айтып, ортақ шешім қабылдауға үлес қосуы екенін айтты. Сонымен қатар, ол оқушыларды мектепті дамытуға бағытталған түрлі бастамалар мен
Қарттар күні
06
ноябрь
2025
Қарттар күні
Өзін өзі басқару ұйымымен қарттар күніне орай ауылымыздың тұрғыны әжемізді құттықтап қайттық.
«Мың бала»
12
февраль
2024
«Мың бала»
«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасы Оқу-ағарту  министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының  ауылдық мектептеріндегі талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту және қолдау үшін өткізіледі. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада бойынша тіркеу https://1000bala.elumiti.rz сайтында 10 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта жүргізіледі.
"Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы"
12
февраль
2024
"Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы"
9-ақпан қазақтың ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында  мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы" тақырыбында кітап  көрмесі, эстетика бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мұқағали әлемінде" атты иллюстрация, сурет байқауы өткізілді. Байқау соңында білім алушылар жүлделі орындармен марапатталды.