09
декабрь
2024
Шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы
Алматы облысы, Іле ауданы, А. Тоқпанов атындағы №42 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы – өзінің кәсіби жолында К.Д. Ушинскийдің: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деген қанатты сөздерін басты ұстаным еткен ұстаз.
Айман Арғынқызы қазіргі таңда өз білімін тереңдету мақсатында магистратурада оқып, кәсіби даму мен үздіксіз ізденудің жарқын үлгісін көрсетуде. Білімін жетілдірумен қатар, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді өз қызметінің басты мақсаты санайды.
Ұстаздың шеберлігі мен жаңашылдығы – оқыту әдістемесінде ғана емес, сонымен қатар оқушыларды тұлға ретінде қалыптастырудағы біліктілігі мен тәжірибесінде көрініс табады. Әрдайым ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жан-жақты дамыған тұлғаларды тәрбиелеуге ұмтылған Айман Арғынқызы жас ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру ісінде жауапкершілік пен шығармашылықты қатар алып жүрген жаңашыл педагогтардың бірі.
Отбасында алтын қасықтай екі ұл, күміс тарақтай бір қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана әрі немерелерінің сүйікті әжесі. Бүгінде Айман Арғынқызы үш немересінің бақытты күлкісін тыңдап, олардың бойына да асыл қасиеттерді сіңіруге атсалысуда. Ұстаздық пен отбасылық тәрбиені үйлесімді ұштастырған оның өмір жолы – кейінгі буынға үлгі.