04
февраль
2025
“Білім сапасын арттыру-оқушы жетістігінің алғы шарты”
2025 жыл 6 қаңтар күні Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің “Білім сапасын арттыру-оқушы жетістігінің алғы шарты” тақырыбында отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Бірлестік жетекшісі Б.К.Иштаева 2-тоқсанның қорытындысына мониторинг жасап таныстырды. Сонымен қатар тоқсан бойы атқарылған шаралар мен байқаулар жеңімпаздарын атап өтті. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен атқарылған шараларға бірлестік мүшелері А.Жаңабаев пен А.Акимбекова талдау жасады. Үйден оқитын оқушылар да назардан тыс қалмады. Пән мұғалімдері Г.Серікқалиева мен М. Көптілеуова сөз алып тоқсандық есептерімен таныстырды. Қ.Тусенов жаңа TEDX форматында өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп директоры Г.Сагимбекова отырысқа қатысып, жаңа жылда жаңа бастамалар мен жобалар жоспарланатынына сенім білдірді. Бірлестік мүшелеріне ұсыныстар айтып сәттілік тіледі.