25
февраль
2025
"IQAS" интеллектуалды сайысы
21.02 күні "Жас маман - болашақтағы бас маман" атты жас мамандар онкүндігі аясында, мектебімізде "IQAS" интелектуалды сайысы өтті. Аталмыш сайысқа мектебімізден 11 бірлестіктен құрамында 4 адамнын 11 команда бақ сынады. Ақылдылар аламаны логикалық және осы секілді әр түрлі қызықты сұрақтардан тұратын 7 кезеңді қамтыды. Серікжан Масимбаев, Қанағат Тусенов, Әзімбек Бижігіт, Алмат Жұмахан, Қасен Жылқаманов, Мыса Ришат, Мөлдір Роматова және жас мамандар мектебінің жетекшісі Лаура Киставбаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара қатысушылар мен көрерменнің көңілінен шыға білді. Сайыс қорытындысы бойынша ИФ және Тарих бірлестіктері 3-орын, Дене тәрбиесі бірлестігі 2-орын, Қазақ тілі бірлестігі 1-орын иеленді. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер директор атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.