14
февраль
2022
Аудандық Әбіш оқулары
9.02.2002 күні, Казцик ауылы, #42 орта мектебінде аудандық Әбіш оқулары өтті. 4 кезеңнен тұратын сайыстың барлық кезеңінде мектебіміздің оқушылары бақ сынап, өнерлерін ортаға салды. Аталмыш сайыста "Ғылыми жоба" бағыты бойынша Көптілеуова Меруерт апайдың жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Далишева Жансая, "иллюстрациялық сурет" бағыты бойына Жылқыманов Қасен ағайдың оқушысы Сайфолла Мұқасан 3-орынды иеленді. Әбіш шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Текесбаева Диана 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі - Тусенов Қанағат
