30
март
2021
"Үздік жас маман" сайысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Роматова Мөлдір 1-орын иеленді
2021 жылы 26 наурыз күні Алматы облысы Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "№42 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде аудандық ағылшын тілі жас мамандары арасында "Үздік жас маман" байқауы өтті. Мақсаты: -жас маман педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, іскерлікке машықтандыру, өз мамандығына құрметпен, жауапкершілікпен қарауға баулу, болашақ құзіретті педагогтарды анықтау және оларға қолдау көрсету.Байқауға аудан бойынша 18 жас маман қатысты. "Үздік жас маман-2021" аудандық байқауында мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Раматова Мөлдір жүлделі І орынды иеленді.

