Дарынды ұрпақ - ұлт болашағы » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дарынды ұрпақ - ұлт болашағы
04
май
2021

Дарынды ұрпақ - ұлт болашағы

Дарынды ұрпақ - ұлт болашағы
«Елбасы медалі» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «EI Umiti» бастамасын жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған бірегей жоба. Бұл жоба - Тұңғыш Президент қорының қамқорлығымен жүзеге асырылуда.
Оған қатысу жас қазақстандықтарды отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттауды көздейді. Қатысушылар «Алтын» , «Күміс» , «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, дарынды қабілеттерін жеті бағыт бойынша көрсетеді .Спорт, дағды мен дарын , кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі бағыттары жүзеге асырылады.
Әр кезеңді өткен сайын қатысушының дарынды қабілеттерін жетілдіреді, өз күшіне сенімдері артады. Бұл жоба - қазіргі таңда Қазақстан бойынша ең үлкен жоба болып табылады.
«Елбасы медалі» -жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарламаға Іле ауданы, КазЦИК ауылының №42 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дусипова Базаргул Уалиқызының жетекшілігімен 11- сынып оқушысы Утесинова Жансая Елеусинқызы қатысты. Жансая дарынды қабілетімен мектебінің, ұстаздарының, отбасының сенімінен шығып, «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері атанды. Жансаяға отбасынан анасы Сұлтанова Айман Жұмағазықызының қолдауы басым болды.
Жансая - мектеп қабырғасында зерек, білімді, алғыр , шығармашылыққа бейім оқушы қатарында танылып жүр. «Болашаққа жол» Республикалық байқауының Бас жүлде, «Ғұмырдария» Республикалық байқауының Бас жүлде иегері.
Ағымдағы жылы Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына ұйымдастырылған « Абай әлемі» Республикалық байқауының 3-жүлделі орыны мен сертификат иегері. Бойында ақындық қабілеті басым Жансаяның 2015 жылы «Тамшы» атты жыр жинағы жарық көрді. 2020 жылы екінші «Тамшы-тұмар» атты екінші жыр жинағының тұсауы кесіліп, «Жыл әкелген жыр» атты ән-жыр кеші өткен болатын.
Биылғы 2020-2021 оқу жылындағы мектебіміздің түлегі «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері, дарынды оқушы -Утесинова Жансая мектебіміздің мақтанышы.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив