11
декабрь
2019
«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» өткізілген іс-шара
«№42 орта мектебінде» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 1-10 сынып оқушыларына жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ісіңе адал бол!» атты шығарма байқауы 6 сыныптар арасында өткізілді. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-біздің жалпы парызымыз» атты ұранмен спорттық ойындардан жарысты дене шынықтыру пән мұғалімдері 5сыныптар арасында ұйымдастырды.Тақырыпқа байланысты сынып сағаттарын 1-10 сынып жетекшілері өткізді. «Жемқорлықтан арылайық!» сурет көрмесі 4 сыныптар ұйымдастырса, «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі» атты тақырыпта сурет көрмесін бейнелеу пән мұғалімі А.Қожахмет жасады. «Адал жол!» тақырыбында пікірталасты 8 сынып оқушыларымен өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылар арасында видеороликтер байқауын 9-10 сынып арасында ұйымдастырылды.