22
апрель
2026
Кәсіби бағдар беру
Мектебімізде KSPN Медициналық колледжі мамандарының қатысуымен 9–11 сынып білім алушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында колледж өкілдері білім алушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, медицина саласының маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, бұл бағытты таңдаудың жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына бағыт-бағдар берді.