Оқушыларға » Страница 19 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі”
01
март
2024
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі”
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі” атты аудандық 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған слетқа қатысып, 7 “Ә” сынып оқушылары Жарқын Айзере, Берікбол Кәусар, 7 “Б” оқушылары Ахан Бекасыл, Қадылбек Бақыт, Аянқызы Айасыл жүлделі І орынға ие болды. Жетекшілері: Мырзабекова Мөлдір, Көптілеуова Меруерт. Мектебіміз биіктерден көріне берсін!
"Жас Мерген - 2024"
29
февраль
2024
"Жас Мерген - 2024"
Аудандық "Жас Мерген - 2024" пневматикалық винтовкадан оқ атудан 1-орын иеленген дарынды шәкіртіміз  10 "Б" білім алушысы Темирбеков Арсен. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
29
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында “Энциклопедиялар сөйлейді” атты іс-шара ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылыққа баулу, салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық киімдерімізді дәріптеу. Оқушылар іс-шараға жоғарғы деңгейде дайындалған. Сыныптар номинациялар бойынша марапатталды.
"Ақиқат"дебат клубы
21
февраль
2024
"Ақиқат"дебат клубы
"Ақиқат"дебат клубы «Отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алуға қатысты нақты стратегиялар..» атты тақырыпта АПФ (Америкалық Парламенттік формат) пікірталас (дебат) өтті. Мақсаты: балалардың зорлық-зомбылық пен қатігездік құрбаны болмауының алдын алу. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты нақты стратегияларды ұсыну. Жалпы пікірталастың мақсаты: оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар  пікірталас
«Су тасқыны» туралы түсіндірме жұмыстар
15
февраль
2024
«Су тасқыны» туралы түсіндірме жұмыстар
2024 жылдың 14 ақпан күні «Су тасқыны» тақырыбында 6 «Г» сынып жетекшісі А.Керімқұл  оқушыларға су тасқыны  туралы түсінік берді. Балаларға өмір қауіпсіздікке байланысты слайдтар мен бейнероликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Кітапханаға- кітап сыйла" акциясы
15
февраль
2024
"Кітапханаға- кітап сыйла" акциясы
"Кітапханаға- кітап сыйла" акциясы.  05-14 ақпан аралығында  Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында "Кітапханаға кітап сыйла "акциясы ұйымдастырылды.  Мақсаты - мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Ақын-жазышулардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту.  Мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер акцияға белсене қатысты.
“Ерекше білімді қажет ететін балаларға дене шынықтыру сабағында білім берудің заманауи әдістері” атты семинар
15
февраль
2024
“Ерекше білімді қажет ететін балаларға дене шынықтыру сабағында білім
13.02.2024ж Іле ауданы 42 орта мектеп педагог-сарапшысы Мергенбаев Асыл Сакенұлы Республикалық семинарда “Ерекше білімді қажет ететін балаларға дене шынықтыру сабағында білім берудің заманауи әдістері” атты тақырыпта іс-тәжірибемен бөлісті.
"Отты жылдар жаңғырығы " тақырыбында іс-шара
13
февраль
2024
"Отты жылдар жаңғырығы " тақырыбында іс-шара
Мектеп кітапханасында Ауған соғысына 35 жыл толуына орай  8"Ә" кадет сыныбымен "Отты жылдар жаңғырығы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.  Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану,  аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
"Адастырушы діни ағымдар"
13
февраль
2024
"Адастырушы діни ағымдар"
2024 жылдың 18 қаңтар күні "Адастырушы діни ағымдар" тақырыбындағы тәрбие сағатын 5 сынып оқушыларымен бірге сынып жетекшісі Е.Төлеубек өткізді. Негізгі мақсаты дін-адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана екенін балаларға түсіндіру.
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
13
февраль
2024
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Ата-аналар мен оқушылар назарына! Шатырлардан мұздың құлауы салдарынан оқыс оқиғаларды болдырмау барысында, ғимараттардың қабырғаларына, балкон астына жақындамауға кеңес береді. Шатырдан мұздар немесе қар қабаттары түсуі мүмкін жерлерден аулақ болған жөн. Қауіпті аймақта адамға қар мен мұздың түсуінен өте ауыр және қауіпті жарақаттар алып, тіпті өлуі мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін сізге: - қар түсуі мүмкін ғимараттардың шатырларына жақындамау және балалардың мұндай жерлерде болуына жол