23
январь
2023
Ата-аналарға арналған жадынама
Ата-аналарға арналған жадынама
• Егер бала кенеттен балағат сөз айта бастаса, үрейленбеңіз.
• Бұл үшін қатты ашуға берілмеңіз. Көбінесе балалар біреудің мінез-құлық үлгісін көшіріп алады немесе сіздің реакцияңызды тексереді. Баламен байсалды әңгіме жүргізіңіз, оның балағат сөз айтуын қаламайтыныңызды айтыңыз. Егер бұл сонда да жаман әдетке айналса, оны жазалаңыз – мысалы, бір аптаға гаджеттерді ұстатпаңыз.
• Сабырлық сақтаңыз. Тіпті бұл кезде уақытыңыз тым тығыз болса да барлық істі жиып қойып, балаға бірден балағат сөзді айтуын қаламайтыныңызды түсіндіріңіз.
• Балаға балағат сөздің орнына айтатын басқа да сөздердің көп екенін, адамның өз ойын жеткізу үшін тілдік қордың жеткілікті екенін, балағат сөзді айтудың қажетсіз екенін ашып айтып түсіндіріңіз.
• Баламен адамдар әртүрлі екендігі туралы аздап сөйлесіңіз, біреу басқаларды ренжітетін сөздерді айта алады, бірақ егер сүйікті балаңыз мұндай сөздерді айтса, сізге жағымсыз екенін айтыңыз.
• Егер сіздің балаңыз қарсы тұрса және өз қалаған сөзін айтатынын білдірсе, оны бөлмеңізден шығып тұруын өтініңіз. Сіз оның таңдауын құрметтейтіндігіңізді, бірақ ол сізді де құрметтеуі керек екенін айтыңыз, оның жағымсыз сөздерін тыңдағыңыз келмейтінін, оны өз бөлмесіне барып айтқанын жеткізіңіз.
• Ешқашан айқайламаңыз, балаға ұрыспаңыз, ернінен ұрмаңыз. Бұл арқылы сіз оны тек өзіңізден алыстатасыз және сіз онымен ортақ тіл табысуыңыз керек, әйтпесе қазір де, болашақта да келісе алмайтын боласыз.
• Егер бала жаман сөз айтуды жалғастырса, одан не үшін істейтінін сұраңыз. Мүмкін, ол біреумен қарым-қатынаста проблема болған шығар және осылайша өз ісінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады.
• Қалай болғанда да, бала кішкентай болған кезде мәселені дереу шешу керек. Жасөспірімдер өздерінің кейбір мәселелерін жасыру үшін жиі балағат сөз айта бастайды. Бірақ егер сіз бала кезінен баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, онымен бір тілде сөйлессеңіз, болашақта көптеген қиындықтардан аулақ бола аласыз.