Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған жазғы кеңестер » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған жазғы кеңестер
13
апрель
2020

Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған жазғы кеңестер

Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған жазғы кеңестер
Жаздың қызған шағы. Уақыттың зымырап өткені сондай, тіпті тамыз айы туып, мектепке жиналатын кез келгенін де байқамай қаласың. Мұндай жағдайда бірінші сынып оқушылары ата-аналарының алаңдаушылығы шынайы.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған пайдалы кеңестер
• Жазда мектепке барар алдында нені істемеген жөн?
Сабырлы болыңыз, әйтпесе сіздің толқуыңыз бен сенімсіздігіңіз балаларға беріледі. Мектеп – қорқынышты емес.
Баланы әркез «мектеппен» қорқытудың қажеті жоқ: «мектепте ұстаздар сазайыңды береді». Мектепті балалардың көз алдында жауыздықтың мекеніне айналдырмаңыз.
Баланың серуендеуіне тыйым салып, мектепке дайындалуға мәжбүрлемеңіз. Егер ол өз әлеуетін пайдаланып тастаса, мектепке шаршаңқы күйде әрі жағымды эмоциясыз келеді.
Ойын уақытын қысқарту үшін сүйікті ойыншықтарын тартып алмаңыз. Бала үшін бұл күйзеліс, мектеп өміріне біртіндеп бейімделу қажет, түбегейлі шешімдердің қажеті жоқ.
• Жазда мектепке барар алдында не істеу керек?
Мектеп туралы айтып беру. Мектепте өз басыңыздан өткен көңілді әрі қызықты сәттерді есіңізге түсіріңіз, және оны балаңызға айтып беріңіз. Балаға мектеп дегеніміз – жаңашылдықтар мен жаңа дос табатын орын екенін жеткізуге тырысыңыз.
Жағымсыз тұстарын жасырмау. Балаға мектепте тап болатын үй тапсырмалары, жүктеме мен өзге де қиындықтарды айтып беріңіз. Бала қиындықтарға дайын болып, туындауы мүмкін жанжалдарды немесе қиын жағдайларды шешудің бірнеше нұсқасын білуі тиіс.
Біртіндеп дұрыс күн тәртібіне көшу. Болашақ бірінші сынып оқушысының күнін жоспарлап, оған жаз бойы біртіндеп ауысыңыз.
Баламен бірге мектеп ойынын ойнаңыз, ол ұстаздың да, оқушының рөлін ойнап көрсін, себебі ол сыныптағы қарым-қатынас пен қағидалардан хабардар болуы тиіс. Сүйікті ойыншықтарын қолдануға болады.
Дербестілікке баулыңыз. Бала кейбір істерді өз бетімен орындап үйренсін. Мысалы, киіну, бауын байлау, таңғы асын дайындау. Оны жауаптылыққа баулып, зейінін жаттықтырыңыз.
Табиғи материалдарды жинаңыз. Бірінші сыныпта еңбек сабағында сіздерге емен жаңғағынан, гүлдерден, жапырақтардан және бұтақтардан қол бұйымдарын жасау қажет болады, сондықтан бұған алдын ала дайындалған дұрыс. Орманға бару балаларға тек қуаныш сыйлайды.
Гербарий құрастырыңыз. Өсімдіктердің атауын жаттаңыздар, жапырақтардан аппликация жасаңыздар немесе оларды альбомға жапсырыңыздар.
Қолдарыңызды жаттықтырыңыздар. Болашақ бірінші сынып оқушысынан графикалық диктант алған жөн. Оларды Интернеттен табуға болады. Мұндай сабақтар кеңістіктік түсінікті бекітуге көмектеседі және зейінді жаттықтырады.
Портфельдеріңізді жинаңыздар. Бала сабаққа қажетті заттарды өз бетімен жинап үйренуі тиіс. Мектепке қажетті заттардың тізімін параққа жазып қойыңыз. Бала екі-үш күнде бір рет таңын мектепке жиналудан бастасын. Ал бұл көңілді іске айналуы үшін бастапқыда тізім ойыншықтар мен басқа заттардан тұруы тиіс.
Сүйсініп оқыңыз. Баланы кітап оқуға мәжбүрлемеңіз, бірақ оның кітапқа деген сүйіспеншілігін ынталандырыңыз. Мектеп туралы әңгімелерге көп көңіл бөліңіз, балаға бірінші сыныпта жеңілдеу болуы үшін ол өтетін әдебиеттермен танысуға болады.
Мектепке қуана дайындалыңыздар! Алаңсыз жаздан ләззат алып, өзіңіздің кішкентай оқушыңызға жеткілікті уақыт бөліңіз!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив