Ата-аналарға » Страница 16 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кикбоксингтен 2008-2009 жылғылар арасындағы чемпионат"
12
март
2024
"Кикбоксингтен 2008-2009 жылғылар арасындағы чемпионат"
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен Кикбоксингтен 60 кг салмақ дәрежесінде Іле ауданы,  №42 орта мектебінің 9 “Д” сынып оқушысы Амангельдіұлы Али 1-орын иеленіп, марапатталды.
"Өмір қауіпсіздігі 6-8 сыныптар"
11
март
2024
"Өмір қауіпсіздігі 6-8 сыныптар"
2024 жылдың 11 наурыз күні мектепте оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында АӘД жетекшісі Н.Мырзахмет 6-8 сынып оқушыларына жер сілкінісі кезіндегі сақтанудың  алғашқы әрекеттері жайында дәріс өткізді. Жер сілкінісі болған жағдайда апаттық (негізгі) есікке шығатынын, қауіпсіз орындарды дұрыс анықтауды түсіндірді.
"Өмір қауіпсіздігі"
11
март
2024
"Өмір қауіпсіздігі"
2024 жылдың 07 наурыз күні оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп директоры  Г.Сагимбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Есболова, АӘД жетекшісі Н.Мырзахмет 5-11 сынып оқушыларына жер сілкінісі кезіндегі сақтанудың  алғашқы әрекеттері жайында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
“Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы
07
март
2024
“Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы
“Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы аясында 5-сыныптар арасында “Менің атым Қожа “ шығармасынан қойылым ұйымдастырылды.  Мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау, оқушыларды актерлық шеберлікке баулу, үлкен сахнаға шығарып жаңа қырларын ашу Іс-шараға оқушылар жоғарғы деңгейде дайындалған. Іс-шара соңында сыныптар жүлделі орындармен марапатталды.
"1 Наурыз-Алғыс айту күні"
01
март
2024
"1 Наурыз-Алғыс айту күні"
1 Наурыз-Алғыс айту күніне орай мектеп кітапханасында Қазақстанға депортацияланған этностар туралы кітаптар мен мұрағаттық фото-суреттерден жасалған көрмеге шолу жасалды. Оқушылар соғыс жылдарындағы  ұлтаралық қатынастар туралы, көшірілген халықтардың   жағдайы туралы және олардың көңіл-күйі, бастарына  түскен ауыртпалықтары мен қазақ халқының оларды қалай қарсы алып, қабылдағандары жайлы ойларын ортаға салды. Таныстырылым кезінде оқушылармен Алғыс айту күнінің маңыздылығы туралы, сондай-ақ,
Аудандық "Жас мерген - 2024"
01
март
2024
Аудандық "Жас мерген - 2024"
Аудандық "Жас мерген - 2024" Жас сарбаз сыныптар арасында 3 орын. 8 "Ә" Жас сарбаз білім алушылары: Бектибаев Тамирлан, Тастүлек Ақназар, Абдухалыкова Дария, Қайрат Аружан . Жеңісті күндеріміз көп болсын!
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі”
01
март
2024
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі”
“ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі” атты аудандық 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған слетқа қатысып, 7 “Ә” сынып оқушылары Жарқын Айзере, Берікбол Кәусар, 7 “Б” оқушылары Ахан Бекасыл, Қадылбек Бақыт, Аянқызы Айасыл жүлделі І орынға ие болды. Жетекшілері: Мырзабекова Мөлдір, Көптілеуова Меруерт. Мектебіміз биіктерден көріне берсін!
"Жас Мерген - 2024"
29
февраль
2024
"Жас Мерген - 2024"
Аудандық "Жас Мерген - 2024" пневматикалық винтовкадан оқ атудан 1-орын иеленген дарынды шәкіртіміз  10 "Б" білім алушысы Темирбеков Арсен. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
29
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында “Энциклопедиялар сөйлейді” атты іс-шара ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылыққа баулу, салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық киімдерімізді дәріптеу. Оқушылар іс-шараға жоғарғы деңгейде дайындалған. Сыныптар номинациялар бойынша марапатталды.
"Ақиқат"дебат клубы
21
февраль
2024
"Ақиқат"дебат клубы
"Ақиқат"дебат клубы «Отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алуға қатысты нақты стратегиялар..» атты тақырыпта АПФ (Америкалық Парламенттік формат) пікірталас (дебат) өтті. Мақсаты: балалардың зорлық-зомбылық пен қатігездік құрбаны болмауының алдын алу. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты нақты стратегияларды ұсыну. Жалпы пікірталастың мақсаты: оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар  пікірталас