Ата-аналарға » Страница 2 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп медбикесінің антибиотиктерді дұрыс қолдану, олардың пайдасы мен зияны туралы түсіндірме жұмысы
03
декабрь
2025
Мектеп медбикесінің антибиотиктерді дұрыс қолдану, олардың пайдасы
Оқушылардың денсаулық мәдениетін арттыру мақсатында мектеп медбикесі антибиотиктерді дұрыс қолдану, олардың пайдасы мен зияны туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында антибиотикті өз бетінше қолданудың қауіптілігі, дәрігер кеңесінсіз қабылдауға болмайтыны, сондай-ақ дұрыс қолданбаудың денсаулыққа тигізетін зиянды әсерлері түсіндірілді.
Антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы ақпараттандыру
29
ноябрь
2025
Антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы ақпараттандыру
29 қараша 2025 жылы Жалпы тәжірибе дәрігері Алтынай Бауыржанқызы ұжым арасында антибиотиктерді дұрыс қолдану, өзіндік емнің зияны және антибиотикке төзімділік (резистенттілік) қаупі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында антибиотиктердің тек дәрігер нұсқауымен қолданылуы, вирустық ауруларға қарсы әсер етпейтіні, толық емделу курсын аяқтаудың маңызы және балалардың денсаулығын қорғауда ата-аналарға түсіндіру қажет негізгі аспектілер жан-жақты түсіндірілді.
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестиваль-2025"
26
ноябрь
2025
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестиваль-2025"
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестиваль-2025" # 42 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Мухтизарова Альфия жүлделі 1 - орынға  иеленді!Құтты болсын, керемет жетістік! Республикалық жолдамаға ие болды
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестивальі-2025"
26
ноябрь
2025
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестивальі-2025"
Облыстық "Педагогикалық идеялар фестивальі-2025" 1- орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні Жаңабаев Абзал Сәкенұлы иеленді! Құтты болсын, керемет жетістік! Республикалық  жолдамаға ие болды
«Тәрбие менеджменті» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу
25
ноябрь
2025
«Тәрбие менеджменті» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу
25.11.2025ж "42 орта мектебі" МКМ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нурбосынов «Тәрбие менеджменті» тақырыбында әріптестермен іс-тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру бағыттары, мектептегі тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, сынып жетекшілермен жұмыс формалары, оқушылардың қабілеті мен мінез-құлқын зерттеу тәсілдері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тәрбие менеджментінде инновациялық тәсілдерді енгізу, цифрлық құралдарды
“Өнер Керуені”байқауы
25
ноябрь
2025
“Өнер Керуені”байқауы
6 Г сынып оқушысы Дарханұлы Рухан  Дубайда өткен “Өнер Керуені”байқауында бас жүлде алды!
Қамқоршылар күні
21
ноябрь
2025
Қамқоршылар күні
Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары “Қамқоршылар күніне” орай қамқоршыларды құттықтап алғыс хат пен сыйлықтарын тарту етті. Қамқоршылар рухани мейірімділіктің, жомарттықтың шынайы мысалысыздар. Балаларға жылулық пен қамқорлық, көңіл мен сүйіспеншілік сыйлағандарыңыз үшін, толыққанды отбасында өмір сүрудің үлкен бақыты үшін рахмет!       Сіздерге зор денсаулық, бақыт, өмір жолында барлық жоспарланған және өзгермейтін сәттілік тілеймін! Біз сізге мейірімділік, қамқорлық, шыдамдылық және
Асханасының ас әзірлеу блогы
21
ноябрь
2025
Асханасының ас әзірлеу блогы
2025 жылдың 24 қыркүйек күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 2 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері,
“Жас тарихшы”  пікірсайыс турнирі
21
ноябрь
2025
“Жас тарихшы” пікірсайыс турнирі
Мектебімізде Республика күніне орай, “Жас тарихшы”  пікірсайыс турнирі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың  бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру“Абай оқулары байқауы
“Абай оқулары байқауы
21
ноябрь
2025
“Абай оқулары байқауы
2025 жылдың 5 қараша күні  аудандық “Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ” тақырыбында “Абай оқулары байқауы өтті. Байқаудан Алматы облысы Іле ауданы  А.Тоқпанов ауылының №42 орта мектебінің 4  сынып оқушысы Сәкен Әбілмансұр  Асылбекұлы жүлделі  1-орынды иеленді.