Материалы за 10.02.2026 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 10.02.2026
"Қауіпсіз интернет-сенімді болашақ кепілі" дебат
10
февраль
2026
"Қауіпсіз интернет-сенімді болашақ кепілі" дебат
10 ақпан күні білім алушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру, киберқауіптердің алдын алу мақсатында 8 «В» және 8 «Ж» сынып білім алушылары арасында «Қауіпсіз интернет – сенімді болашақ» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат барысында оқушылар интернеттегі жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, желідегі жауапкершілік мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін
Болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру
10
февраль
2026
Болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру
9-сынып білім алушыларына болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы қаласының Инновациялық колледжінен келген мамандар қатысып, оқушыларды колледжде оқытылатын мамандықтармен, қабылдау талаптарымен, оқу барысымен және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратпен таныстырды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі пайдалы мәлімет алды.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" бойынша жұмыс
10
февраль
2026
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" бойынша жұмыс
10 ақпан 2026 жылы білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдармен және қыздармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ЮПТ полиция капитаны Беидинчанов Тахир қатысып, оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Мектеп кітапханасымен танысу»
10
февраль
2026
«Мектеп кітапханасымен танысу»
№42 орта мектеп кітапханасында балабақша тәрбиеленушілеріне арналған«Мектеп кітапханасымен танысу» танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер кітапхананың жұмысымен танысып, кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігін, оқырман болу ережелерін үйренді. Балаларға қызықты кітаптар мен ертегілер көрсетіліп, оқуға деген қызығушылықтары артты. Бұл шара балдырғандарды кітапты сүюге, білімге құштар болуға баулуға бағытталды 📚✨
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
10
февраль
2026
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің " Туған өлке- тұнған тарих" жобасы аясындағы жоспар бойынша 04-ақпан күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен " Асқар Тоқпанов тұлғасы" тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді. Іс-шараның мақсаты- қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, актер, режиссер, педагог А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру  және ұлттық мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жобаға қатысқан оқушылар мақтау қағазымен
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі
10
февраль
2026
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі
2026 жылдың ақпан айында бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 4 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері, тамақтың