02
май
2023
Чернобыль –жүректегі жазылмас жара
26.04.2023 ж. мектебімізде Чернобыль апатын жоюшыларға құрмет пен тағзым көрсету мақсатында "Чернобыль –жүректегі жазылмас жара" тақырыбында ауданымыздың Чернобыль ардагерлердің қатысуымен кеш өткізілді. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 37 жыл толды. Осы алапат апатқа қатысқан ауданымыздың ардагері, "Чернобыль Қызыл жұлдыз" орденінің,"Чернобыль батыры","Чернобыль ардагері" медальдарының иегері Әбдіқалов Ерлан Тоқтасынұлы өзінің жазған өлеңдер жинағы "Құс қанаты-ғұмырым" атты кітабының 5 данасын мектебімізге тарту етті.