05
май
2021
Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен оқушылар тыл ардагері Сейдалиев Кеңес Темировичті құттықтады
«№42 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 9-мамыр Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына орай АӘДТ пәні мұғалімі Н.Мырзахмет 7 "ә" сынып білім алушыларымен тыл еңбек ардагері Сейдалиев Кеңес Темировичті арнайы құттықтап, жылы лебіздерін арнап, ардақты ардагердің батасын алып қайтты. Ерлік еңбегі үшін арнайы төсбелгімен марапатталған.
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай! Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.