07
февраль
2026
"Қалдықтарға жаңа өмір" жобасы
Бүгін 06.02.2026ж мектебімізде Жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Менің таза сыныбым: «Қалдықтарға таза өмір» атты жоба ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – оқушыларды тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға, қайта өңдеуге және қалдықтарды тиімді іске асыруға баулу, экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Аталған жобаға мектебіміздің 1–10 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар қалдық материалдардан түрлі пайдалы және шығармашылық бұйымдар жасап, өз идеяларын ортаға салды. Іс-шара барысында оқушылардың экологиялық сауаттылығы артып, табиғатты аялаудың маңызын түсінуге мүмкіндік туды.
Жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге зор үлес қосты.