19
ноябрь
2019
«Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг
«Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг2019 жылдың 19 қараша күні КазЦик ауылындағы №42 орта мектеп базасында ата-аналарға арналған «Жүректен жүрекке» атты психологиялық тренинг өтті.Тренингті мектеп педагог-психологтары: Э.Сатаева мен Л.Киставбаева өткізді.Тренингтің мақсаты мен міндеттері: -Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы.Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау; -Өзін-өзі тануына бағыт-беру; -Тәрбие жайлы пікір бөлісу; -Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. -Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
«Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг барысында:Психологиялық тренинг «Амандасу» жаттығуымен басталды.Әрбір ата-ана бір-бірімен жақынырақ танысу,жылы өзара қарым-қатынасын жасау стилін сезінді.Тренинг ары қарай ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлісті.Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады.Бұл жол – оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол.Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАБАТТАН бастау керек.Бала ата-ананың өмірінің жалғасы.Ата-аналар бір ауыз сөзбен өз ойларымен бөлісті.
«Жүректен жүрекке» атты тренингпен жалғасын тапты.Ата-аналарға жүрекшелер таратылып,онда өз балаларына деген ыстық лебіздерін,тілектерін жазды.Тілек жазылған жүрекшелерін тақтаға ілді,үлкен жүрекшемізді жандандырды.Тренинг соңында ата-аналарға психологиялық кеңес берілді:
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой – өлкесі - деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Құрметті ана-аналар сондықтанда мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» - деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.
Нәтижесінде: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өзін-өзі сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды.

