№42 орта мектебінде «Асқар Тоқпанов атындағы мектеп театрының» ашылу салтанаты » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №42 орта мектебінде «Асқар Тоқпанов атындағы мектеп театрының» ашылу салтанаты
28
март
2024

№42 орта мектебінде «Асқар Тоқпанов атындағы мектеп театрының» ашылу салтанаты

27 наурыз күні  №42 орта мектебінде «Асқар Тоқпанов атындағы мектеп театрының» ашылу салтанаты өтті.
Тұсаукесер лентасын қию мәртебесі Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Ғ.Мүсірепов театрының актері Иманғали Әсет Иманғалиұлы, Іле ауданы тіл және мәдениет, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Көкенұлы мен немересі Байтугелов Дулатқа берілді. 
 «Атаңның ботасын алма батасын ал. Бата бағыңды жандырады» дегендей жас өрендердің жолына ақжол тілеп, ауылдың бас имамы Нұртай Әбдірахманұлы   ақ батасын берді. Аудан әдіскері Молдагулова Акмарал мектеп жетістіктеріне тоқталып, ашылған мектеп театрына  зор сенім артатынын айтты.
Республика көлемінде сахна саңлақтарына айналған «Әбіш оқуларының» жеңімпаздары сахнада өнерлерін паш етті. 
Театр – білім алушылардың эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды. «Мектеп театры» жобасын енгізудегі мақсат – білім алушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал 
Жиналған қауымға 
А.Тоқпанов туралы бейнежазба көрсетілді.
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті,  әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі бар.
Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. 
Мектепте ашылған «Асқар Тоқпанов атындағы мектеп театрының» басшылығы да бекітілді:
Есболова Гүлсара Әмірқұлқызы–театр жетекшісі
Тусенов Қанағат Октябрьұлы-режиссер, сценарист
Дуйсебаева Калимаш Тұрсынқұлқызы-музыкалық көркемдеуші
Масимбаев Серікжан Бақытұлы-идея көркемдеуші
Көптілеуова Меруерт Бекбосынқызы-визажист
Жұмахан Алмат Темірбекұлы–театр режиссеры
Бижігіт Әзімбек Ақжігітұлы-театр режиссеры
Жылқаманов Қасен Қорғанбайұлы-суретші
Жунусбаева Ғалия Сембайқызы-сахна әрлеушісі
Тажимұрат Асқар Талғатұлы-көркемдеуші 
Мерекелік шараны "Жаңа толқын" қауымдастығы ұйымдастырған  "Дейді екендер дейді екен" аудандық байқауы жалғастырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив