02
ноябрь
2022
Спорт лигасы
Бүгін 42 орта мектебінде мектеп оқушылары арасында <<Ұлттық мектеп лигасының>> ашылу салтанаты болып өтті. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып мектебіміздің директоры Байгозова Раушан Иембергенқызы жарысымызды ашып берді. Жарыс 4- сыныптар арасында <<Мен чемпион>> атты эстафеталық жарыс, 5-6- сынып оқушылары арасында дойбы және шахмат спорт түрлерінен, 7-8-сыныптар арасында баскетбел спорт түрлерінен өткізіліп, жарыста жүлделі орынға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


