04
октябрь
2021
«Епті бол!» эстафеталық жарысы
Іле ауданы Казцик ауылы №42 орта мектебінде 03-09.09.21 күндер аралығына «Денсаулық» апталығының жоспары құрылды.Осыған байланысты 3 қыркүйек күні 4 сынып балалар арасында дене шынықтыру пән мұғалімдері Д.Оңалбаев, Р Бекжігітова «Епті бол!» эстафеталық жарыс өткізді. Жарысқа әр сыныптан қатысқан балалар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыста балаларға «Ұзындыққа секіру», Арқан тарту» т.б ойын түрлері ұйымдастырылды. Ойынның жеңімпаздары марапатталды



