21
январь
2022
«Мұз қауіпсіздік» айлығы
Алматы облысы, Іле ауданы, Казцик ауылы «№42 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде білім алушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 17.01-13.02.2022 күндер аралығында «Мұз қауіпсіздік» айлығы өткізіледі. 1-11 сынып жетекшілері білім алушыларды қыс мезгілінде абай болуға, сақ жүруге шақырады. 17.01.22 күні «Мұздан қорғану» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыпқа байланысты слайд, онлайн суреттер байқауы, бейнероликтер ұйымдастырылды.
Құрметті ата-аналар! Бала өмірінің қауіпсіздігінің алдын алуда жан-жақты үнемі қадағалауды күшейтуіміз керек. Абай болайық! Аман болайық!
Г.Е.
Құрметті ата-аналар! Бала өмірінің қауіпсіздігінің алдын алуда жан-жақты үнемі қадағалауды күшейтуіміз керек. Абай болайық! Аман болайық!
Г.Е.