30
апрель
2021
Жалпы ата-аналар жиналысы
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 16 сәуір күні қашықтықтан онлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты. Алғашқы сөз кезегінде мектеп директоры Р.Байгозова алып, білім алушылардың өмір қауіпсіздігі туралы қысқаша сөз қозғады. Ата-аналар тарапынан білім алушылардың мектеп ережесін дұрыс орындауын, балаларды үнемі қадағалап, қолға алуды талап етті.
«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында мектеп психологы Э.Сатаева, «Білім алушылармен оқу- тәрбие жұмысының жүргізілуі» туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Иноятова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Молдажанова, «Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары», «Білім алушылардың өмір, жол қауіпсіздігі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Есболова сөз алды.
Ата-аналар тарапынан балалардың сайтқа кіргендерін қалай тексеріп отырғанын, білім алушылардың 5-8 сынып аралығында сабаққа деген құлшыныстары төмендеп, пайызы неге түсіп кететіні жайында сұрақ қойды. Сұрақтарға мектеп әкімшілігі толығымен жауап берді.