«STEM - ғылыми - техникалық білімнің негізі» Математика ,физика және информатика бірлестігінің апталық есебі » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «STEM - ғылыми - техникалық білімнің негізі» Математика ,физика және информатика бірлестігінің апталық есебі
18
февраль
2022

«STEM - ғылыми - техникалық білімнің негізі» Математика ,физика және информатика бірлестігінің апталық есебі


Математика физика және информатика бірлестігінің апталығының анықтамасы
«Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» деген халық даналығының маңызы күн өткен сайын артып келеді. ҚР - ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолға меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас ертеңгі елдің мызғымас тірегі , келешек келбеті. Осыған байланысты мектебімізде қарашаның 8 мен 19 аралығында математика, информатика және физика бірлестігінің онкүндігі өтті.
Онкүндік «STEM - ғылыми - техникалық білімнің негізі» атты тақырыбында ашылды. Онкүндіктің жоспарымен бірлестік жетекшісі Шамғұн Нұрзат таныстырды. Және мектептегі әрбір бірлестіктің жетекшілеріне « AHASLIDES» программасы арқылы жасалынған апталыққа шақыру таратылды. Ұстаздар мен білім алушыларды 1 этаждың фоесында болатын апталықтың ашылуына шақырды.
Физика, математика және информатика ғалымдарының суреттерімен олар туралы толық мәлімет QR – код программасы арқылы беріліп,әр кабинеттің сыртына ілінді.Баспалдаққа математика, физика ,информатика пәндерінің негізгі формулалары жапсырылды .
Физика пән мұғалімдері білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында әртүрлі физикалық макеттермен құрал жабдықтарды ұсынды.
Математика пәні бойынша «3D shapes AR» программасы бойынша геометриялық фигуралар көрсетілді.
Онкүндіктің ашылуында оқушылар мен ұстаздар арасында МИФ бірлестігі ұйымдастырған ойындар өткізілді. Ойындар өткізілу барысында 9 «а,ә» сыныбы және Аманова З.А., Усекбаева А.Қ және Дүйсебаева Қ.Т. ұстаздарымызға сыйлықтар берілді.
Радио хабарлама арқылы квест ойыны хабарланды. Квест ойынының мақсаты: білім алушылар кедергілер арқылы тапсырма орындап, сыйлыққа жету қажет. Ойынның жеңімпазына сыйлықты мектебіміздің директоры Байгозова Р.И. табыстайды. Ұйымдастырылған ойынды онкүндіктің аяғына жақын 9 «А» сыныбы тауып , сыйлық иегері атанды.
Онкүндіктің 2 күнінен бастап ашық сабақтар басталды.
Онкүндіктің 8 күні, яғни 17.11.2021 ж. білім алушылардыың физика пәніне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 73 кабинетте сағат 13:20-14:05 аралығында «Физикалық эксперименттер» атты тақырыбында ұстаздар мен 7-11 сынып оқушылар арасында виртуалды зертхананы қалай жасауды пән мұғалімдері Шамғұн Нұрзат пен Құлбаев Азамат көрсетті. Атап айтар болсақ 6 «А» сынып оқушылары физика пәніне деген қызығушылықтарын білдіріп виртуалды зертханаға қатысты. Виртуалды зертханада PHET ,ROQED, ROQED PHYSYCS LAB, VIRTUAL LAB программалары туралы мәлімет берілді. Білім алшылар өздері дайындап келген зертханалық жұмыстарын көрсетті.Қорытынды бойынша 3 орынды 6 «А» сыныбының оқушысы Назар Сабинамен Төлеу Сания иеленді. 2 орынды 10 «А» сынып оқушысы Тұрғынбай Жандос иеленді. Жүлделі 1 орынның иегерлері 9 «Б» сыныбының оқушысы Мелисова Аружан мен Абдыхалық Назерке атанды.
Онкүндіктің 9 күні математика пән мұғалімдері Жанаева Айгерім, Бексейт Жулдыз «Математика құпиялары» атты Ted конференция өтті.
10 күні информатика пәні мұғалімдері мектеп оқушыларына IT кабинетінде жарыс өткізді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив