28
март
2022
“Қыз-ұлт болашағы” тақырыбында “Көктем аруы-2022
Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылы
#42 орта мектебінде 17.03 күні “Қыз-ұлт болашағы” тақырыбында “Көктем аруы-2022” байқауының ақтық мәресі ұйымдастырылып өткізілді. Байқауда алдыңғы кезеңдерде 6,7,8 сыныптар арасында бас жүлде және І орынға ие болған жеңімпаздар бақ сынасты. Арулар ақтық кезеңде өз білімдерімен, өз өнерлерімен сайысқа түсіп, қолөнер бұйымдарын да көрсетіп, қазақтың киелі салт- дәстүрі мен тарихы терең әдет-ғұрыптарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әр кезеңде әділ-қазы алқалары ару қыздарға байқау критерийлері бойынша баға беріп отырды. Байқау нәтижесінде 8 “А”сынып оқушысы
Жолдасқызы Лаура "Бас жүлдені” иемденді. Сонымен қатар І орынды 7"Ғ" сынып оқушысы Жақсыбай Әдемі иемденсе, қалған қатысушылар ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Байқау соңында мектептің педагог-ұйымдастырушысы С.Әлімхан алдағы жылдары қыз сыны байқауы мектепте жыл сайын дәстүрге айналатынын хабарлады.