26
октябрь
2022
«Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты онкүндік бойынша өткізілген іс –шаралар мәліметі
Мақсаты: Білім алушыларға мемлекеттік рәміздер тарихын ұғындыру, өз елі мен жерін сүюге, Отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектепішілік 2022 жылдың 10 қазанындағы №319 бұйрығы негізінде Республика күніне орай 2022 жылдың 10-20 қазан аралығында «Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты онкүндік ұйымдастырылып өткізілді. Онкүндік барысында жоспарға сәйкес 1-11 сыныптар арасында әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
10 қазан күні «Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында 1-11 сынып білім алушылармен сынып сағаттары өткізілді.
Барлық сыныптарда жоғары деңгейдегі дайындықта өткізілді. Білім алушыларға рәміздерді насихаттау сабақтары тартымды әрі маңызды болды.
Қатысқандар саны: 1450 білім алушы.
11 қазан күні «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні» тақырыбында 6 сыныптар арасында эссе байқауы өткізілді. Жазған шығармашылық жұмыстарынан өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, елінің нағыз патриоты екендерін байқауға болады.
Қатысушы білім алушылар саны: 90.
12.10 «Тарихымыздың үш нысан белгісі» 5,6 сынып бейнероликтерін жоғары деңгейде ұйымдастырды. Ұйымдастырылған бейнероликтерінде нышанның белгісі, қасиеттері туралы өздерінің жаттаған өлеңдерін оқып көп дауыс жинады.
Қатысушы білім алушылар саны: 15.
13 қазанда «Менің елім –Қазақстан» тақырыбында 4 сынып білім алушыларымен сурет байқауы өткізілді. Жауапты 4 сынып жетекшілері. Білім алушылардың салған суреттерін бағалап, жүлделі орындармен марапаттады.
14 қазанда «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мәртебесі» тақырыбында 11сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер жүктелген тапсырманы тиянақты әрі қызықты өткізді. Білім алушылар осы тақырыпта өз ойларын еркін айтып, белсенді қатысты.
«Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында мәнерлеп оқу жарысы өткізілді. Жарысқа 7 сынып білім алушылары қатысты. Отан, тәуелсіздік тақырыбында жаттаған шығармаларын жоғары деңгейде оқыды.
18 қазан күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбымен 8 сынып білім алушылары арасында танымдық ойын өткізілді. Ойын түрінде ұйымдастырылған сабақ білім алушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.