28
январь
2026
«Көмек сұрай білу – әлсіздік емес» тренинг
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында А. Тоқпанов ауылдық округінің №42 орта мектебінде 8 «Б» сынып оқушыларымен «Көмек сұрай білу – әлсіздік емес» тақырыбында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Тренинг қатысушылардың өз қажеттілігін түсініп, қиын жағдайларда көмек сұрауға деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында көмек сұрауға қатысты қалыптасқан теріс түсініктер жойылып, психологиялық қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Практикалық тапсырмалар мен талқылаулар арқылы қатысушылар өз сезімін ашық білдіру, сенімді қарым-қатынас орнату және эмоционалдық тұрақтылықты нығайту дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.