07
февраль
2025
"Жеке қауіпсіздік сабақтары туралы түсінік беру" тақырыбында аудандық семинар
Алматы облысы, Іле аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, А.Тоқпанов ауылы №42 орта мектебінде мектепалды даярлық топ мұғалімдеріне арналған "Жеке қауіпсіздік сабақтары туралы түсінік беру" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Іле ауданына қарасты мектепалды даярлық мұғалімдері мен Іле ауданы әдістемелік орталық бөлім басшысы А.Сарсенбаева қатысты. Семинар барысында тренинг, ашық сабақ, қауіпсіздікке байланысты сыныптан тыс іс шара көрсетілді. "А. Тоқпанов атындағы мектеп театры" оқушылары "Жусан иісі", "Мәңгілік бала бейнесі" көріністерін көрсетті.