Біз туралы » Страница 11 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектеп кітапханасымен танысу»
10
февраль
2026
«Мектеп кітапханасымен танысу»
№42 орта мектеп кітапханасында балабақша тәрбиеленушілеріне арналған«Мектеп кітапханасымен танысу» танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер кітапхананың жұмысымен танысып, кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігін, оқырман болу ережелерін үйренді. Балаларға қызықты кітаптар мен ертегілер көрсетіліп, оқуға деген қызығушылықтары артты. Бұл шара балдырғандарды кітапты сүюге, білімге құштар болуға баулуға бағытталды 📚✨
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
10
февраль
2026
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің " Туған өлке- тұнған тарих" жобасы аясындағы жоспар бойынша 04-ақпан күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен " Асқар Тоқпанов тұлғасы" тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді. Іс-шараның мақсаты- қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, актер, режиссер, педагог А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру  және ұлттық мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жобаға қатысқан оқушылар мақтау қағазымен
Кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесу
07
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесу
2026 жылғы 5 ақпанда 42 орта мектебінде 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесу өткізілді. ⭕Аталған іс-шараға Нархоз университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), Алматы технологиялық университеті (АТУ), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) өкілдері қатысты. Кездесуге аталған жоғары оқу орындарынан профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер келіп, оқушыларға университеттердің білім беру
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты іс-шара
07
февраль
2026
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты іс-шара
10 «Б» сыныбы мен Балалар кітапханасы жобасы аясында «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы мәлімет беріліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, М.Мақатаев мұражайына виртуалды саяхат жасалып, оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара
07
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара
Балалар кітапханасы жобасы аясында 06.02.2026 жылы 9 «Ж» сыныбымен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
«Жас сайлаушылар» клубы
04
февраль
2026
«Жас сайлаушылар» клубы
Асқар Тоқпанов ауылдық округінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Жас сайлаушылар» клубы өз жұмысын бастады. Клубтың ашылуы аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау жүйесінің құқықтық негіздері, сайлау түрлері, сайлау қағидаттары, азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
"Мерген ару - 2026" аудандық сайысы
04
февраль
2026
"Мерген ару - 2026" аудандық сайысы
Іле ауданы мектептерінің оқушы қыздары арасында өткізілген <<Мерген ару - 2026>> аудандық сайысына қатысып, мектебіміздің қыздары командалық есепте: I-ОРЫН Жекелей есепте: Амангельдиева Анеля II-ОРЫН Серікхан Балым  III-ОРЫН Абдухалыкова Дария III-ОРЫН  Хамитова Жания  IV-ОРЫН алып марапатталды. Облыстық кезеңге 3 қыз шықты. Жеңісті күндеріміз көп болсын.
Үздік бейне сабақ
02
февраль
2026
Үздік бейне сабақ
# Үздік бейне сабақ аудандық байқауында жүлделі 2- орынға ие болған # 42 орта мектебінің Арнайы педагогі  Мырзакулова Женискул Ансатбаевна марапатталды.Еббқ білім алушылармен топтық сабақ өтіліп , түзету дамыту жұмысы жасалды.
Жасампаздық пен жаңашылдық айы аясында сынып сағаты
02
февраль
2026
Жасампаздық пен жаңашылдық айы аясында сынып сағаты
Жасампаздық пен жаңашылдық айы аясында мектебімізде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеяларға ашық болуға ынталандыру және заманауи ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жасампаздық пен жаңашылдық ұғымдарының мәні түсіндіріліп, күнделікті өмірде және оқу үдерісінде креативті ойлаудың маңызы айтылды. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, жаңа бастамалар мен идеялар бойынша пікір алмасты.
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы
02
февраль
2026
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы аясында «Жас Leaders» жас мамандар мектебінің жобасы негізінде құрылған жоспарға сәйкес жас мамандар арасында «Smart Move» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел пікірталас форматында жүргізілді. Ұстаздарға «Smart Move» деген не екені айтылып, қысқаша анықтама берілді. Қатысушылар өз бастарынан өткізген кішкентай, бірақ ақылды шешімдерімен бөлісті. Пікірталас «Smart move vs Ескі тәсіл» (салыстырмалы формат) тақырыбының аясында өткізілді. Қатысушылар білім