04
февраль
2026
«Жас сайлаушылар» клубы
Асқар Тоқпанов ауылдық округінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Жас сайлаушылар» клубы өз жұмысын бастады.
Клубтың ашылуы аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау жүйесінің құқықтық негіздері, сайлау түрлері, сайлау қағидаттары, азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлау процесінің кезеңдері, мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың сайлау институтына деген қызығушылығын арттыру және болашақ жас сайлаушыларды ел тағдырына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және демократиялық құндылықтарды түсінуге оң ықпал етеді.