"Жүректен жүрекке" қайырымдылық шарасы
«Жас Leaders» жас мамандар мектебінің жастары мен жас мамандар бірлестігінің жетекшісі Лаура Кайратбаевнаның бастауымен құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы аясында құрылған жоспарларына сәйкес желтоқсан айына жоспарланған «Heart to heart» қайырымдылық шарасы бойынша әлеуметтік үйге барып, асыл қазыналарымыз ата-әжелерімізбен кездесу ұйымдастырылды. №42 орта мектебінің “Жас Leaders” жас мамандар мектебі мен «Қамқор» әлеуметтік үйі арасында ынтымақтастық орнатылған болатын. Қарияларымызға шағын концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қарттарға арнайы сыйлықтар табысталды. «Қамқор» әлеуметтік үйінің басшысы Т.М.Туманшиев №42 орта мектебінің директоры Г.К.Сагимбекова өз рахметін айтып, алғыс хат табыстады.
«Қайырымдылық – мейірімнен басталады» – демекші, бұл кездесу барша жас ұстаздарға тағылымы мол, жүрекке жылу сыйлаған игі іс болды.