Шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы
Алматы облысы, Іле ауданы, А. Тоқпанов атындағы №42 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы – өзінің кәсіби жолында К.Д. Ушинскийдің: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деген қанатты сөздерін басты ұстаным еткен ұстаз. Айман Арғынқызы қазіргі таңда өз білімін тереңдету мақсатында магистратурада оқып, кәсіби даму мен үздіксіз ізденудің жарқын үлгісін көрсетуде.