Жетістіктеріміз » Страница 8 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шеберлер сабағының шеруі"
12
ноябрь
2024
"Шеберлер сабағының шеруі"
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ "Шеберлер сабағының шеруі "Облыстық байқауында жүлделі ІІІ орын  иеленгені үшін Алматы облысы Іле ауданы А.Тоқпанов ауылы 42 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Кусайнова Айман Арғынқызы марапатталды. Ұстазымызды мектеп басшысы Г.Сагимбекова және бастауыш сынып ұстаздары мен білім алушылары үлкен ықыласпен қарсы алды және жылы лебіздері мен ақ тілектерін айтып, алғыс білдірді.
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
11
ноябрь
2024
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңіне 4 оқушы қатысты. 10-сынып оқушысы Марат Сапарали, 11 сынып оқушысы Назарбай Дидар аудандық кезеңнен 2 орын иеленді, жетекшісі И.Муханова, М.Бердибекова. 9-сынып оқушысы Молдахмет Абылай 3 орын иеленді, жетекшісі А.Четыкбаев. 11 сынып оқушысы Раматуллаева Қымбат 1 орынға ие болып республикаға жолдама алды, жетекшісі Қ.Туркистанова.
"Шеберлер сабағының шеруі"
11
ноябрь
2024
"Шеберлер сабағының шеруі"
"Шеберлер сабағының шеруі" атты облыстық байқауда жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін Іле ауданы №42 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Кусайнова Айман Арғынқызы марапатталды.
«Ақберен» өнер байқауы
30
сентябрь
2024
«Ақберен» өнер байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық "Ақберен" өнер байқауына мектебімізден 6 оқушы түрлі номинациялар бойынша қатысты.       11 сынып оқушысы Ербол Айдос ұлттық аспапта ойнау, 8 сынып оқушысы Ахан Бекасыл ақындар мүшайрасы, 9 сынып оқушысы Төлеубек Әмина эссе жазу, 10 сынып оқушысы Назар Аружан көркем сөз оқу, 8 сынып оқушысы Калимжан Зейнеп білгірлер сайысы, 8 сынып оқушысы Кенжебай Әйгерім ақындар айтысы номинациясы бойынша қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде ұлттық
"Дарынды бала-ұлт болашағы"
23
май
2024
"Дарынды бала-ұлт болашағы"
Бүгін мектебімізде "Дарынды бала-ұлт болашағы" атты дарынды балаларға арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің даңқын асырып, жетістіктерге жеткізген олимпиада, әдеби оқу, өнер және спорт сайыстарының жеңімпаз білім алушылары мен талантты ұстаздар марапатталды.
“Үздік жыл мұғалімі- 2024”
21
май
2024
“Үздік жыл мұғалімі- 2024”
“Үздік жыл мұғалімі- 2024” байқауынан үздіктер арасынан бақ сынап,   Математика пәні мұғалімі Бексейт Жулдыз Зулфихарқызы 1 орын иеленді!
Дарабоз Республикалық турнирі
14
май
2024
Дарабоз Республикалық турнирі
Дзюдо күресінен Дарабоз Республикалық турнирде 🥈 орын иегері! 9 В сынып оқушысы Кеңгесбай Айсу.
“Вокалдық орындау” өнері
26
апрель
2024
“Вокалдық орындау” өнері
Іле ауданы бойынша білім бөлімі “Шексіз өмір” атты балаларға арналған аудандық байқау өткізді. №42 орта мектеп білім алушылары  Тұрманов Ислам “Вокалдық орындау” өнері бойынша өзіндік қабілеті мен белсенділігі үшін жүлделі III орын иеленді. Аханова Айша "Би билеу" бағыты бойынша белсене қатысып, өзіндік қабілеті мен белсенділігі үшін жүлделі I орынды иеленді. Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ә.Сырымның дипломымен марапатталды. Оқушының қабілетін аша білген Мырзакулова Ж.А алғыс білдіреміз!
Мағжан оқулары байқауы
15
апрель
2024
Мағжан оқулары байқауы
Мағжан оқулары байқауының аудандық кезеңінде "Өлең менің шолпаным, айым, күнім" бағыты бойынша бақ сынаған 9"Б" сыныбының оқушысы Нұртай Нұртас жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшісі Нұргүл Наухановна. Аталмыш байқаудың "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" бағыты бойынша сайысқа түскен 10"А" сынып оқушы Серік Ернұр да жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі Бақыт Курбанбаевна.
“Дені сау ұрпақ-Ұлттың болашағы”
15
апрель
2024
“Дені сау ұрпақ-Ұлттың болашағы”
13.04.24 күні №42 орта мектебінде Дене шынықтыру апталығына орай ұйымдастырылған “Дені сау ұрпақ-Ұлттың болашағы” атты мектепішілік сайыс өтті. Сайысқа қатысушы бірлестіктер мен әкімшілік құрамы тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Жүлделі I-орынға әкімшілік ие болып, барлық қатысушылар марапатталды.