13
февраль
2023
Облыстық "Әбіш оқулары" байқауы
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында ақпан айының 9ы күні облыстық "Әбіш оқулары" байқауы өтті. Төрт кезеңнен тұратын байқаудың барлық бағыттары бойынша әр ауданның кіл мықтылары бақ сынады. Аталмыш байқауға 42 орта мектебінен 2 бағыт бойынша оқушылар қатысып, Облыс төрінде Іле ауданының намысын сәтті қорғады. Атап айтар болсақ, ғылыми жоба бағыты бойынша бәсекеге түскен 9"В" сынып оқушысы Серік Аружан жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшісі - қазақ тілі пәні мұғалімі Жаңабаев Абзал. Сахналық қойылым бағыты бойынша топ жарған 9"А" сынып оқушылары Амангелді Алтай, Байжұман Маржан, Жылқыбаев Ғалымжан, Сейсен Аружан, Оразханова Айдана және 9"Г" сынып оқушысы Мейрамбек Болыскер жүлделі 1-орын иеленіп, мектебіміздің ғана емес, аудан мен облыс намысын Республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алды. Жетекшісі: қазақ тілі пәні мұғалімдері Тусенов Қанағат және Көптілеуова Меруерт.





