Бүгін мектебімізде "Дарынды бала-ұлт болашағы" атты дарынды балаларға арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің даңқын асырып, жетістіктерге жеткізген олимпиада, әдеби оқу, өнер және спорт сайыстарының жеңімпаз білім алушылары мен талантты ұстаздар марапатталды.