31
март
2023
ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ
Қиын жағдайдан қалай шығуға болады?
1. Қаймықпаңыз. Өмірде адамдарда одан да қиын жағдай туып жатады.
2. Есіңізде болсын. Әр уақытта проблеманың шешімі болады. Тек сабырлы болыңыз.
3. Бұл уақытта туыстарыңыздан немесе достарыңыздан көмек сұраңыз,олардың ортасында болып көңіл көтеріңіз.
4. Сіздің көңіл-күйіңіз әрине жоқ болады. Сондықтан өзіңіздің өміріңізде болған қызықты сәттерді еске түсіріңіз. Бақытты күндер әлі алда екенін ұмытпаңыз.
5. Жалғыз қалмауға тырысыңыз. Бір бөлмеде «Мен бұл жағдайдан шыға алмаймын, шеше алмаймын» немесе «Енді не істеймін?» деп өзіңізді жеп отырғанымен түк шықпайтынын түсініңіз.
6. Проблемасыз адам болмайды. Сондықтан өміріміздің мәні сол қиындықтарды жеңіп шығуда екенін ұмытпаңыз.
ӨЗ БОЛАШАҒЫҢДЫ АНЫҚТАУДА МЫНАДАЙ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҰСТАН
1. Ары қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!
2. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
5. Сен қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.
6. «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.
7. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
8. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
9. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
10. Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!