03
июнь
2026
Мемлекеттік емтихан
Мектебіміздің 11-сынып білім алушылары математика пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтиханның ұйымдастырылуы барлық талаптарға сәйкес жүргізіліп, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды.
Емтихан алдында мектеп психологы С. Орманова түлектерге психологиялық қолдау көрсетті. Емтихан кезіндегі қобалжуды жеңу, уақытты тиімді пайдалану, өз күшіне сенімді болу және жағымды көңіл күй қалыптастыру бойынша кеңестер берілді. Психологиялық тренинг элементтері арқылы оқушылардың алаңдаушылық деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, мектеп директоры Г.Сагимбекова түлектерге өз білімдері мен дайындықтарына сенім артып, жинақылық танытуға шақырды. Сондай-ақ, түлектерге сәттілік тілеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
Барша түлектерге сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!