10
февраль
2021
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
11 сынып оқушыларын 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісімен таныстыру,ата-аналарға, балаларға қорытынды аттестаттау жайында түсінік беру,ережелерімен таныстыру мақсатында пән мұғалімдері,ата-ана,оқушы,әкімшілік бірлескен жиналыс өтті. Оқушыларды барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып қорытынды аттестаттауға дайындау,мамандық пән таңдау пәні жайында айтылды. Жиналыс барысында білім алушылар мен ата-аналар сұрақтарына пән мұғалімдері мен әкімшілік тарапынан нақты, толық жауаптарын алды. Білім алушылардың қаңтар айында өткізілген ҰБТ-дің жазылған тест нәтижелері талқыланды. Пән мұғалімдері тарапынан білім алушылар мен ата-аналарға оқу сапасы мен тест нәтижелерінің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында жасалуы тиіс жұмыстар жайлы ұсыныстар жасалды.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды аттестаттау- мектеп түлектері 4 міндетті, 1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтиханы болып табылады.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 11 сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;
2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 сыныптың білім алушыларына "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;
Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 сынып бітірушілеріне №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
10,11 сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық,қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 сынып бітірушілеріне №39 нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
Емтихандар жайлы өзгерістер,жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшем шарттары туралы мәлімет алдағы уақытта берілетін болады. Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.
Ал енді ҰБТ туралы айта кетсем,осы қаңтарда болған ҰБТ-ке 45 өтініш беруші қатысты. 11 «А» сынып бойынша ортақ балл-68, 11 «Ә» сынып бойынша ортақ балл-55, 11 «Б» сынып бойынша ортақ балл-70 болды. Мектеп бойынша ортақ балл 62 балды көрсетті. Ең жоғарғы 105 балл жинаған 11 «Ә» сынып білім алушысы Мейранбекова Фатима, 50 балдан төмен 9 оқушы жинады. Ең төменгі балл 39 көрсетті.