Мектептегі тамақтандыру » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі тамақтандыру
11
декабрь
2019

Мектептегі тамақтандыру

Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан мектебімізде жалпы білім беру қорынан тамақтандырудың ұйымдастырылуы, олардың денсаулығына зор ықпалын тигізеді.
Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері мектепте құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 257 теңгені құрайды.
№42 орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында жалпы білім беру қорынан 153 оқушы тізімге алынса,қазан айында тағы да 29 оқушы қосылды. Оның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан 123, аз қамтылған отбасынан 10 бала,1 жетім ,1патронаттық тәрбиеде, Толық емес отбасынан шыққан 47 бала қамтылды.Жалға алушы есебінен 16 бала тамақтанады. Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив