Құрметті біздің ата-аналар! » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті біздің ата-аналар!
13
апрель
2020

Құрметті біздің ата-аналар!

Құрметті КазЦИК ауылы, № 42 орта мектептің аяулы ұстаздары, біздің сүйікті оқушыларымыз және ардақты ата-аналар!
Қазіргі күні еліміз өте қиын жағдайды басынан өткізуде. Ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ағымдағы жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін Қазақстанда короновирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Ауыр дерттің алдын алуда үкіметіміз көптеген игі шараларды жүргізуді қолға алды.
Өздеріңіз білетіндей 6 сәуірден бастап барлық мектеп оқушылары білімдерін қашықтықтан оқу арқылы жүзеге асырады. Мектебімізде қашықтықтан оқытуға байланысты іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқушы мен педагогтың жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, жүзеге асырылатын оқыту.
Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сабақтардың қандай бағытта жүретіндігін атап өткен болатын Олар:
Телевизиялық арналар , яғни Балапан және Еларна арқылы өтетін сабақтар
Радиоарналар арқылы оқу
Пошта арқылы білім беру. Бұл бағыт алыс жерлердегі мектебі жоқ елді мекендердің оқушыларына арналады
Интернет платформалар арқылы
Қашықтан оқыту үрдісі мектептегі сабақ кестесіне сай өтеді. Сабақты өткізу уақыты 30 минуттан аспайды. Пандемия кезінде мектепте сапалы білім алу мақсатында қол жетімді білім ресурстары пайдаланылатын болады . Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім-Лэнд», вацап желісі арқылы орнатады. Бұл ресурстардың барлығын оқушыларымыз тегін пайдаланады.

Құрметті ата-аналар! Осындай кезеңде мектебіміздің ұстаздарына түсіністікпен қарап, балаларыңызға материалды игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастың орнауына ықпал етіп,жақсы нәтижеге жету үшін көмек берулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар , балаларыңызға бағыт беруге көмектесіп, үй тапсырмаларын орындауын , мұғаліммен кері байланыста болуын қадағаласаңыздар үлкен көмек болар еді.
Мектеп мұғалімдері де демалыс күндерінде қашықтықтан оқытудың тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауда.
Кеше 1 сәуір күні мектебімізде 47 сыныпта сынама сабақтар өткізілді. Мектеп әкімшілігі сынама сабақтарға қанша оқушы қосылды, қандай кедергілер туындағанын қадағалап отырды. Алдағы уақытта осы туындаған кедергілерді жою барысында жұмыстар жүргізетін боламыз.
Бүгін барлық сыныптардың ата -аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында жиналыстар өткізілді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру.
Жиналысқа мектебімізден 1160 ата-ана қатысты.

3 сәуір күні «Мен қашықтықтан қалай оқимын?» «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыбында барлық сыныптарда сынып жиналысы өткізіледі.Бұл сабақтарда да түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сөз соңында айтарым, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мұғалім, оқушы, ата-ана біріксек, бұл қиындықты да жеңеміз деген ойдамын.
Біз сіздерді жақсы көреміз. Жақсы күндерде жолыққанша барлығымыз аман болайық.
Біз біргеміз!

Сіздермен бірге болған № 42 орта мектеп директоры
Раушан Иембергенқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив